Бастауыш мектеп-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің міндеті-жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру әр түрлі жұмыстар жүргізілуде. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-ұстаз. Бұл апталықта ұстаздар сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрды. Ол –пәнді оқыту және сыныптан тыс жұмыстар. Пәндік оқытуда алдыңғы қатарлы ұстаздар: А.М.Касенова, А.Е.Тауышева, С.А. Балташева, А.Б. Касенова көбінесе алға қойған мақсаттарының дұрыстығын, оқушылардың қорытуы және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Әр ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру, оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті. Сабақтар өте тартымды әрі жүйелі. Атап айтсақ А.М.Касенова 3- сыныпта, әдебиеттік оқудан С.А.Балташева 2- сыныпта, Тауышева А.Е. 4- сыныпта, ағылшын тілінен А.Б.Касенова ашық сабақтар өткізді. Сабақтар жаңа технологияларды қолдана отырып өткізілді.