"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Сын мен ғылым сардары – 115 жаста» атты салтанатты іс-шара

16.05.2026

Бүгін, 15 мамыр күні Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Мәдениет ауылындағы Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Есмағамбет Самұратұлы Исмаиловтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Сын мен ғылым сардары – 115 жаста» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қонақтар мектептің спорттық үйірме жұмыстарымен танысып, «Мұражай – тарих айнасы» залын тамашалады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған «Этноауыл» көрмесіне саяхат жасады.
Жиынның салтанатты ашылуында тарих пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз У.Игубаева «Сын мен сардар – 115 жаста» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаса, Бурабай ауданы білім бөлімінің әдіскері К.Алдабергенова жиналған қауымды мерейтоймен құттықтап, лебізін білдірді. Кеш мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, мектеп директорының міндетін атқарушы Р.Ж. Байжанның қорытынды сөзімен түйінделді.
Ауыл мектебінен түлеп ұшып, еліміздің мақтанышына айналған ұлы тұлғаның есімі мен ғылыми мұрасы осы қара шаңырақта мәңгі қастерленеді.

Просмотров: 522


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст