Текст
Жаңа жыл – сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Жыл сайын мектебімізде жаңа жыл мерекесі ойдағыдай тойланады. Мерекенің ойдағыдай өтуіне мектебіміздің директоры Д.К.Калиева, оқу-тәрбие жұмысының меңгерушілері, мұғалімдер ұжымы, ата-аналар оқушылар барынша ат салысады. Биылғы жаңа жылда аулымыздағы «Әлем» дүкенінің иесі Калыкова Шария апай, «Мерей» дүкенінің иесі Жанабергенова Күлаш апай, «Жарас» дүкенінің иесі Жұмағұлова Көпей апай мектеп оқушыларына жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді. Оқушылардың қуанышында шек болмады. Оқушыларымызды зор қуанышқа
бөлеген дүкен иелеріне алғысымыз шексіз!!! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілейміз.