Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз - білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Мен де өз мұғалімім жайлы айтқым келеді.Ол Рахимбаева Айнұр Қабиболлақызы. Біздің сынып жетекшіміз әрі биология пәнінің мұғалімі. Бізді білімді, тәртіпті, инабатты етіп ақыл – кеңестерін айтып тұрады. Әсіресе биология сабағы қызықты өтеді, түрлі зерттеу жұмыстарын өткізеді. Мектебіміздегі өтіп жатқан іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болуымызда мұғаліміміздің еңбегі деп білеміз. Жуырда «Химия, биолоия, география қызықты әлем!» атты апталықта биология сабағынан ашық сабақ өтті. «Білгір биолог» атты сыныптар арасындағы жарыстан біздің сынып бірінші орынға ие болды. Бұл жетістікке жету жолында ұстазымыз зор үлес қосты. Әрқашан бізді демеп ақыл-кеңесін айтып отыратын Айнұр Қабиболлақызына айтар алғысымыз шексіз. Жас болсада білікті ұстаз деген атқа лайықты ұстаздардаң бірі деп білемін. Осы беттен таймай жас буынды білім нәрімен сусындатып, талапты шәкірттерді тәрбиелей беріңіз демекпін.