Текст
Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінен екі мұғалім курстан өтіп, «Мектеп тренері» деген сертификатқа ие болдық. Мирлан Есенгелдіұлы Казакенов екеуіміз мектеп мұғалімдеріне арналған курсымызды жоспар бойынша өткізіп жатырмыз. Курстың мұғалімдер үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жаңа бағыттағы бағдарлама идеяларымен жан-жақты таныса алады, екіншіден, курс мектепте өткізілетіндіктен, басқа жаққа барып іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан мұғалім үшін уақытты ұту жағынан өте тиімді. Курстың өз дәрежесінде өтуі үшін мектеп басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалынып отыр. Тыңдаушылар әртүрлі пәннің мұғалімдері болғандықтан, негізгі мақсат- мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәжірибеде қолдануға үйрету.