"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.03.2017

Қарттарға көмек көрсету ізгілікке бастайды. Бұл халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екені сөзсіз. Қарияларды  қолдау  Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізілетін үрдістердің бірі. Мектебімізде тимуршылар тобы жүйелі жұмыс істеп, қарттарға колғабыс етеді. Өз кезегінде, қариялар ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ақ батасын береді. Біз  Е.Исмаилов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Рауза Балташқызының жетекшілігімен оқу жылы басталғаннан бастап, қарттарға әлеуметтік көмек  көрсетеміз. Ауылымыздың   тұрғыны Шәрия апа тимуршылар  тобы өз қамқорлығына алып, жыл бойы оған қол ұшын созамыз. Қыста Арман, Сағындық, Саябек, Темірлан, Темирлан, Данияр, Арлан, Әділ, қар тазалап, отын тасыйды. Айсын, Аружан, Жансая болса үй шаруасына көмектесеміз. Тек қана қолғабыс етіп қоймай, әрі оның өмірбаянымен танысамыз. Осылайша, әр бала еңбекке араласа отырып бойларындағы қайырымдылық сынды қасиетті дамыта түседі. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай жалғасын табады.     

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст