Мектепте 23.01-28.01.2017 жыл аралығында «География.Химия.Биология әлемі» атты география, химия, биология пәндерінен апталық өткізілді. Апталық ашылу салтанатынан басталды. Оқушыларға апталықтың жоспары таныстырылды және апталыққа белсене қатысқан сыныптар мен әрбір жеке оқушы рейтингтік ұпайлар жинайтыны айтылды. Апталықта география пәнінінң мұғалімі Казакенов М.Е. 10-сыныпта географиядан, Темирова А.А. 8-сыныпта географиядан, Рахимбаева А.К. 6-сыныпта биология пәнінен және Казакенова А. 9-сыныпта химия пәнінен ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдері сабақтарын қазіргі жаңа форматтағы білім берудегі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізді. Сонымен қатар сыныптан тыс-іс шаралар өтті. 6-9 сыныптар арасында биология пәнінің мұғалімі Рахимбаева А.Қ. «Білгір биолог» сайысын, география пәнінің мұғалімі Казакенов М.Е. 8-9 сыныптар арасында «Ой мен ойын» географиядан зияткерлік сайысын, Темирова А.А. 5-7-сыныптар арасында география пәнінен «Жас географ» сайысын және химия пәнінің мұғалімі Казакенова А. химия пәнінен 8-10 сыныптар арасында сайыстар өткізді. Пән мұғалімдері 5-10 сыныптар арасында «Табиғатты -аялайық» тақырыбында ең үздік презентациялық жоба сайысы ұйымдастырылды.
Апталық аясында «География.Химия.Биология әлемі» тақырыбында стенд әзірленді. Стендте география, химия, биология пәндері бойынша қызықты ақпараттар ілінді және 5-10 сынып оқушыларына әр пәннен тапсырмалар қалташасы әзірленді. Апталық барысында 5-10 сынып оқушылары әр пәннен тапсырмаларды орындап, орындалған тапсырмалардың жауаптарын, арнайы жәшікке салды.
Апталық қорытындысы бойынша оқушылардың жеке сыныптары бойынша рейтингі және 5-7 және 8-10 сыныптар бойынша рейтинг жасалды. Жеңімпаз оқушылар мен сыныптар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.