Наурыздың 20-ы күні Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбында «Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілік өтті.
Наурыз күні той – думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық –
деп бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.
Ата-аналардың қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, атап айтсақ, «Қырқынан шығару» рәсімін Гүлшат апай, «Бесікке салу» рәсімін Бағын апай, «Тұсау кесу» рәсімін Әпия атты үлкен әжеміз бүлдіршіндерге қызығушылықпен көрсете білді.
Оқушылар Наурыз туралы тақпақтарын нақышына келтіре оқып, қыздар «Қамажай» биін мың бұрала билеп берді. Ұлттық ойындар: «Күш сынасу», «Арқан тарту» және екі топқа бөлініп, жарыс
ұйымдастырылып, көрермендердің көңілінен шықты.
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Шолпан Серәліқызы сөз алып, мерекемен құттықтады.
Алаңсыз өсіп бүгін бүлдіршіндер,
Дәстүріміз тамыр алып өркен жайсын!
Жалғасып ғасырларға бізбен бірге,
Наурыз тойы құтты болсын!