Наурыздың 21-күні Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы өтті. Наурыз мейрамы-ежелден қалыптасқан жыл басы мерекесі. Бұл мереке халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп ортаға салып саралайтын, қызықтайтын күні. Биылғы наурыз тойы жылдағыдан да ерекше тойланып өтті. Әдеттегідей ән-шашу, мерекелік дастархан жайылып, оқушылардың ата-аналары ұйымдастыруымен мерекелік жәрмеңкеден басталып кетті. Келген ата-аналар, қонақтар, түлектер мәз-мейрам көңіл-күйлері көтеріңкі. Мерекеге арналған мектебіміздің «Армысың әз-Наурыз!» атты сазды бағдарламасын ұйымдастырған 9-сынып оқушылары да өз көрермендерін ыждағаттылықпен қарсы алды. Сахна төрін алдымен мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңда асаба, әншілік қырынан танылып жүрген Хамзин Біржан күмбірлеген домбырамен ашты. Бұл шәкіртіміз бір емес бірнеше рет өзінің шығармашылығындағы әндерін шырқап сахна сәнін келтіріп алғысқа бөленіп жүр. Бағдарлама негізінде 9-сынып оқушылары Асылханов Нариман мен Тауышева Алуа жүргізушілер сөз алып әр сыныптың оқушылырына кезек беріліп қойылым көріністерді тамашалады. Мектебіміздің басшысы Дина Камидоллақызы Қалиева сөз алып жиылған қауымды наурыз мейрамымен құттықтады. Жылдағы өтілетін мерекеге айтар тілек, ақ баталар
беріліп, әжелеріміз шашу шашып, наурыз көже таратылып, өз мәресімен жүріп жатты. Ендігі кезеңді
барлық жұртшылық тағатсыздана күткен еді. Ауылымызлың түлегі Ибраев Медығат Нұрланұлы бас демеушілік жасап, 300000 мың теңге көлемінде үлкен сый-құрмет жасау мақсатында ауылдастарына сыйлықтармен келгендігін, ата-дәстүрден бері келе жатқан ұлттық ойындар: тоғызқұмалақ, арқан тартыс, күрес, ат шаптыру сияқты сайыстарға сыйлық бар екендігі хабарланды. Мектеп түлектері Серғазин Бақытжан, Қосымов Жасұлан еркін күрес абсолютке бір қой және «Айналайын» шағын орталығына спорт құралдарын сыйға тартты. Ел ағалары Каркенов Базарбай және Мергенбаев Ақан ақшалай сыйлық мектебіміздің түлегі, Азия чемпионы Окенов Абзалға берді. Ауылымыздың құрметті ақсалдары Әбдірашев Дулат ата, Буланов Сатыбалды ата, Теміров Әбжан ата өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға ақшалай сыйлық берді. Дүйім жұрт алдымен қазақша күресті тамашаласа, кейбірі бірін-бірі көріп қауышып тілектерін білдірді. Еліміздегі наурыз тойы осылайша өз көрермендерін қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрінен жақсы көрсеткіштер көрсетіп, бағалы сыйлықтарға ие болды. Міне, мына суреттер соны айғақтайды. Іс-шара соңында ұлттық спорттық ойындарда орын алған оқушыларымыз мақтау қағаздарымен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тоғызқұмалақ ойынынан 9-сынып оқушылары Амантай Аққу 3-орын, Қуандықов Сұлтан 2-орын, Амангельді Мерей 1-орынға ие болды. Шашки ойынынан 7-сынып оқушысы Касенов Ернур 3-орын, 8-сынып оқушысы Сапатаев
Саябек 2-орын, 9-сынып оқушысы Әбжанов Әміржан 1-орын. Еркін күрестен 37 кг салмақта Бақыт Нұрболат 1-орынға ие болып, велосипед сыйға алды, Темірхан Ералхан 2-орын алып, шаңсорғышқа ие болды, Ислямов Нұрсұлтан 3-орынға ие болып, бағалы сыйлық алды. 56 кг салмақта Әшкенов Досбол 3-орынға ие болды, Қабденов Айболат 2-орынға ие болып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Өкенов Абзал 1-орынды иеленіп, велосипед, 1 қой, ақшалай сыйлық алды. Ат жарыста 3-орынға Кокшетаудан арнайы ат әкелген Кайрат есімді қонағымыз 10000 теңге, 2-орынға мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қарабаев Біржан Дүйсентайұлы 30 000 тенге, 1-орынға ауылымыздың тұрғыны Қосымов Ескен 50000 тенге ақшалай сертификатқа ие болды.
Сонымен қатар мектеп оқушыларының ата-аналарының наурыз мейрамына салған суретіне де сыйлық
берілді. Атап айтсақ 4-сыныптағы Қуандықов Сұңқардың анасы Елубаева Калисаға шайнек, 10-сынып оқушысы Әскерова Гүлнұр сыйлық алды.
Заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміздің ескірмейтінін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртатын осындай ұрпақтарымыз рухани байлығымызды дарытатынына кәміл сенеміз.