"Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Есмаганбета Исмаилова села Мадениет отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.12.2017

Есмагамбет Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінде өткізілген   «Рухани жаңғыру:

Тарихы терең ,табиғаты көркем-туған өлкем »  атты аудандық

іс-шараның есебі.

2017 жылдың  24

қараша күні Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінде «Рухани жаңғыру:Тарихы терең ,табиғаты көркем-туған өлкем »   атты аудандық іс-шара өтті.                                                                                  

 Мақсаты: Оқушыларды туған жерге,мәдениетіне, табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттық тәрбие

беру.

Міндеті:                                                                                                                                              

Жастардың бойында туған жерін, елін дамытуға деген сана- сезімін ынта

жігерін ояту.

Белсенді азаматтық ұстанымдарын

қалыптастыра отырып, елінің патриоты болып өсуіне ықпал ету.

Іс-шара сағат 10.00-де қонақтарды қарсы алумен басталды .Келген қонақтарды әжелер тобы «Туған жер» әнімен қарсы алып,шашу шашты. Қонақтартарды мектеп мұражайымен таныстырды.Сағат 11.00-де «Туған өлкем-тұнған тарих» атты презентациялық көрсетілімде тарих пәнінің мұғалімі Игубаева У.Р. Мәдениет ауылының қысқаша тарихымен таныстырып ұлы тұлғалар,олардың өмір жолымен көптеген мағлұматтар берді.Ал география пәнінің мұғалімі Казакенов М.Е. Мәдениет ауылының жер-су аттарының географиялық орналасқан жерлерін видео нұсқада көрсетті.Сонымен бірге оқушылар «Қыз құлаған», «Торайғыр» атауларының шығуына байланысты сахналық көріністер көрсетті.Мәдениет ауылынан шыққан қарт ақын Игубаева Ғалия Кәрібайқызының туған

жерге,Отанға арналған өлеңдерін де оқушыларымыз мәнеріне келтіріп оқып шығып,көпшіліктін көңілінен шықты. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында конференция өтті. «Рухани жаңғыру

өскелең  ұрпақтың –дара жолы » атты баяндамасымен мектебіміздің директоры Д.К.Калиева  конференцияны ашты. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ә.Т.Косыбаева сөз сөйледі. Б.С.Ракишев «Бурабай» аудандық газетінің бас редакторы «Ауылым –алтын бесігім»атты баяндамасымен көрермендердің назарын

өзіне аударды. «Рухани өрлеу-басты тұғырымыз» атты баяндамасымен С.Бұланов ауыл мешітінің бас имамы сөйледі. М.З.Нұғыманов, зейнеткер ұстаз «Рухани жаңғыру-туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» атты

тақырыпта сөйледі. Б.Б.Қасенова ардақты ұстаз Бурабай ауданының «Құрметті азаматы» Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімін шын жүректен білдірді. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі.Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу

білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті дей отырып өзбаяндамасын «Білімді жастар- ел болашағы»  атты  Г.Әскерова 11-сыныптың үздік оқушысы  баяндады. Концерттік бағдарламаны «Арман» МТОТЖО әншілері ,Хамзин Биржан, Казакенова Айтолхын ән орындады .    «Бұл палата әлеуметтік желілерде туған өлке табиғатын насихаттаудың тиімді механизімін ұсыну » атты пікір- сайыс өтті ,жетекшісі М.Е.Казакенов 9,10,11-сыныптардың

оқушылары қатысты .  Туған жерге,оның мәдениетіне мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен

атсалысу-шынайы патриотизімнің маңызды көріністердің бірі.Салт-дәстүрден этноауылда  көріністі ауылымыздың тұрғыны Бекбергенова Шарғия апа алаша тоқу өнерін  көрсетті. Мектебіміздің спортзалында  еркін күрестен жарыс өтті .Басты демеушісі «Есіл Агро» ЖШҚ. Дарынды, жасталапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы,  облыстық «Зерде» конкурсының жеңімпаздары өз зерттеу жұмыстарын қонақтардың алдында таныстырып өтті.

Қолөнер көрмесі ,әдістемелік жұмыстардың көрмесі , кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі –үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де

өте маңызды үдеріс.

Просмотров: 605

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст