02.09.2025
2 қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында “Менің Отаным – Қазақстан” атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған елге деген мақтаныш пен құрметті арттыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерге тоқталып, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы жайлы ой бөлісті.
Балалар өлеңдер оқып, әндер шырқап, өз ой-пікірлерін білдірді. Мұғалімдер ел болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, білімді де тәрбиелі азамат болуға шақырды.
Сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға отансүйгіштік рух сыйлады.