01.09.2025
Мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай “Мектебім – мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – әрбір шәкірт пен ұстаз және ата-аналар үшін ерекше қуанышқа толы мереке. Салтанатты жиын барысында алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылының басталғаны жарияланды.
Оқушылар әсем әндер айтып, би билеп, өлең-жырлар оқыды. Мектеп басшысы жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн есте қаларлық мерекеге айналды.
Салтанатты іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, оқушылар жаңа оқу жылын үлкен үмітпен бастады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!